Түлектер қауымдастығы

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ТҮЛЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШАРТТАРЫ

I. Шәкәрім университетінің міндеттері

1. Түлектерді танымал ету және дәріптеу

  • Шәкәрім университеті түлектері каталогын жыл сайын жаңарту.
  • Университет музейінде «Көрнекті түлектер» галереясын ұйымдастыру.
  • БАҚ және әртүрлі басылымдарда түлектердің жетістіктері туралы материалдарды жариялау.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен телевизиялық бағдарламаларда түлектерге имидждік қолдау көрсету.
  • Түлектерді марапаттау және құрметті атақтар беру.

2. Кәсіби даму және тәжірибе беру

  • Түлектерге кәсіби шеберлік бойынша ашық дәрістер өткізу.
  • Бос орындар және ғылыми жобалар жәрмеңкелерін ұйымдастыру.
  • Университет ғалымдарының ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігін беру.

3. Ресурстар мен инфрақұрылымдық қолдау

  • Тіркелген түлектерге Жастар коворкинг залдарын немесе университеттің аудиторияларын ресми іс-шаралар үшін ұсыну.
  • Түлектер ұйымдастыратын ірі іс-шараларға Шәкәрім университетінің студент-еріктілерін тарту.
  • Университеттің спорт залдары мен бассейндерін пайдалануға жеңілдіктер беру.
  • Түлектер мен олардың балаларына оқу ақысы бойынша жеңілдіктер қарастыру.
  • Университет кітапханасының электрондық ресурстарына және оқу залдарына қол жеткізу мүмкіндігін беру.
  • Ойын-сауық, ғылыми және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда қолдау көрсету.

II. Шәкәрім университеті түлектерінің міндеттері

1. Университет беделін арттыру

  • Шәкәрім университетін насихаттау, PR және брендтік қолдау көрсету.
  • Материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, соның ішінде демеушілік жасау және эндаумент қорының жұмысына қатысу.

2. Студенттерді және тәжірибе алмасу платформаларын қолдау

  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
  • Білім алушылардың кәсіптік практика базасын кеңейтуге көмек көрсету.
  • Түлектер мен кәсіби қауымдастықтардың кездесу іс-шараларын ұйымдастыру.

3. Әлеуметтік және қайырымдылық қызметі

  • Балалар үйлеріне көмек көрсету және азаматтық қайырымдылық акцияларын өткізу.
  • Университеттің түрлі іс-шараларына қатысу: Ашық есік күндері, Наурыз мерекесі, Түлектер күні және т.б.
  • Ардагер түлектер мен студенттер арасында білім, дағды және тәжірибе алмасу платформасын дамыту.

III. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары

  • Түлектерге, білім алушыларға және университетке нақты пайда әкелу.
  • Адамдарды, ресурстарды және мүмкіндіктерді байланыстыру.
  • Түлектердің кәсіби желісін дамыту (Alumni).
  • Университеттің корпоративтік сәйкестігін нығайту.
  • Фандрайзинг және гранттар арқылы университет ресурстарын арттыру.
  • Университет беделін, тұрақтылығын және танымалдылығын арттыру.
  • Бизнес және ҮЕҰ-мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру.

Түлектер қауымдастығының мақсаты

Түлектер қауымдастығының мақсаты — гуманизм, өзара көмек, қолдау, тәжірибені жас түлектермен бөлісу және ұрпақтар сабақтастығы қағидаттары негізінде университет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесу.

Түлектер қауымдастығының миссиясы

Shakarim Alumni миссиясы — университет түлектерінің ұрпақаралық корпоративтік бірлігін нығайту, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік ілгерілеуіне жәрдемдесу, сондай-ақ альма-матердің стратегиялық дамуын қолдау.